Алдын ала сот отырысында істің негізгі қарауға дайындық деңгейі бағаланады.
Шымкентте 21 жастағы Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша алғашқы сот отырысының күні белгілі болды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Жәбірленуші тараптың адвокаты Аянхан Омаровтың мәліметінше, алдын ала тыңдау 21 шілде күні сағат 10:00-де мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотта өтеді.
“Жәбірленуші тараптың мүддесін адвокаттар Аяхан Омаров пен Мұхаммеджан Ахметов қорғайды”, – делінген жазбада.
Алдын ала сот отырысында істің негізгі қарауға дайындық деңгейі бағаланады. Сонымен қатар дәлелдемелерді зерттеу тәртібі айқындалып, істің алқабилердің қатысуымен қаралатын-қаралмайтыны жөнінде шешім қабылданады.