18.07.2026, 14:00

Қарағанды әкімдігі орталық көшелердің сиқын қашанғы жасырмақ?

Фото: @denski_blog

Қаланың қақ ортасы саналатын Гоголь көшесінде бүгінде тротуарлар мүлдем жоқ, жан-жақты жабайы шөп басып, гүлзарлар қараусыз қалған.

Қарағандылықтар әлеуметтік желіде тапсырыспен түсірілген әдемі видеолар мен қаланың шынайы келбеті арасындағы жер мен көктей айырмашылықты айтып, дабыл қағуда.

Қаланың қақ ортасы саналатын Гоголь көшесінде бүгінде тротуарлар мүлдем жоқ, жан-жақты жабайы шөп басып, гүлзарлар қараусыз қалған.

Боулинг орталығының маңы тіпті қорқынышты фильмдердің түсірілім алаңынан бірде-бір кем емес. Орталық көшелердің сиқы осы болса, қала ішіндегі аулалардың жағдайын көз алдына елестетудің өзі қорқынышты.

Өңір әкімдігі бюджеттің қаржысын босқа шашқанша, жаяу жүргіншілер күнде көретін осы нақты проблемаларды шешумен қашан айналысатыны белгісіз. Қаланың бұл мүшкіл халі туристер түгілі, жергілікті тұрғындардың өзін шошытып отыр.