Жаңа тағайындауға дейін Есет Байкен Астана қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Есет Берікұлы Байкен Ұлытау облысының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.
Жаңа тағайындауға дейін Есет Байкен Астана қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.
1986 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген Есет Байкен Қазақ гуманитарлық-заң университетінде қаржы мамандығы бойынша, ал Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде құқықтану мамандығы бойынша білім алған. Ол – қаржы және құқықтану саласының бакалавры.
Еңбек жолын 2008 жылы Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасында бастаған. Кейін елорда әкімдігі жүйесінде түрлі лауазымдарды атқарып, Астана әкімі аппаратының басшысы, «Сарыарқа» ауданының әкімі және қала әкімінің орынбасары қызметтерінде жұмыс істеді.
Сондай-ақ әр жылдары Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінде сарапшы және мемлекеттік инспектор болып еңбек етті. 2019 жылы Қарағанды облысының Нұра ауданының әкімі қызметін атқарған.
2022 жылдың қыркүйегінен бері Астана қаласы әкімінің орынбасары лауазымында болды.
Еске салайық, бұған дейін Мемлекет басшысының шешімімен Ұлытау облысының бұрынғы әкімі Дастан Рыспеков қызметінен босатылған болатын.