$ 472.34  541.25  6.01

Алматыда қарт әже тұрғын үйдің бесінші қабатынан құлап көз жұмды

Оқыс жағдай Алматының Бостандық ауданындағы тұрғын үй кешендерінің бірінде болған.

Фото: instagram.com/almaty.police
Фото: instagram.com/almaty.police

Алматыда 70 жастағы әйел тұрғын үйдің бесінші қабатынан құлап кетті. Зейнеткер жедел жәрдем бригадасы келгенше жан тапсырды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

 

Полиция мәліметінше, оқыс жағдай Алматының Бостандық ауданындағы тұрғын үй кешендерінің бірінде болған. Күндіз көпқабатты тұрғын үйдің бесінші қабатынан әйел адам құлап кеткен. Ол алған жарақатынан жедел медициналық жәрдем бригадасы келгенше оқиға орнында көз жұмды.

Алдын ала мәлімет бойынша, марқұм 70 жаста болған және осы тұрғын үй кешенінде тұрған. Оқиға орнында полиция қызметкерлері мен жедел-тергеу тобы жұмыс істеді.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Полицейлер куәгерлерден жауап алып, бейнебақылау камераларының жазбаларын зерделеп, қажетті процессуалдық іс-шараларды жүргізуде.

"Қайғылы жағдайға нақты не себеп болғаны тергеу барысында анықталады. Марқұмның жақындарының айтуынша, бұған дейін оның мінез-құлқынан алаңдатарлық белгілер байқалмаған. Қазіргі таңда полиция қызметкерлері жан-жақты тексеру жүргізіп, оқиғаның толық мән-жайын анықтауда", - дейді ПД өкілдері.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0