Ал басқа қолданушылар ешқандай ресми құжатқа зиян келтірілмегенін айтып, болған жайтты әзіл ретінде қабылдауға шақырды.
Алматы Бизнес және коммуникациялар колледжінің диплом табыстау рәсімінде түлектердің бірі дипломын жыртқандай кейіп танытып, әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті. Кейін бұл шынайы диплом емес, алдын ала дайындалған екінші мұқаба екені белгілі болды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Желі қолданушыларының пікірі екіге жарылды. Бірі мұны сәтті әзіл әрі креативті қойылым деп бағаласа, енді бірі диплом табыстау – ұстаздардың еңбегі мен түлектің жетістігі бағаланатын маңызды рәсім болғандықтан, мұндай әрекет орынсыз екенін айтты.
Ал басқа қолданушылар ешқандай ресми құжатқа зиян келтірілмегенін айтып, болған жайтты әзіл ретінде қабылдауға шақырды.