$ 467.41  533.88  6.14

Анталияда 18 жастағы қазақстандық қыз қаза тапты

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Анталиядағы Бас консулдық марқұмның жақындарына қажетті консулдық қолдау көрсеткенін мәлімдеді.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Түркияның Анталия қаласында 18 жастағы қазақстандық қыз жол-көлік оқиғасынан көз жұмды. Ол өндірістік тәжірибеден өтіп, жергілікті қонақүйлердің бірінде аниматор болып жұмыс істеген, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Марқұмның туыстарының мәліметінше, қайғылы оқиға қыздың денсаулығы күрт нашарлаған кезде болған. Оның іші қатты ауырып, танысы ауруханаға жеткізіп бара жатқан сәтте жол апатына ұшыраған.

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Анталиядағы Бас консулдық марқұмның жақындарына қажетті консулдық қолдау көрсеткенін мәлімдеді. Атап айтқанда, құжаттарды рәсімдеуге және мәйітті Қазақстанға жеткізуге көмек берілген.

Ведомствоның хабарлауынша, қыздың қаза болуына қатысты барлық мән-жай Бас консулдықтың бақылауында. Қазіргі уақытта Түркияның құзырлы органдарымен бірлескен жұмыс жалғасып жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0