Әлеуметтік желіде Түркістан қалалық инфекциялық ауруханасында түсірілген видео тарап, жұрттың ашуын туғызды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Онда ем алып жатқан титімдей балалардың қасында, палата қабырғаларында өріп жүрген тарақандар анық көрінеді. Санитарлық талаптар мүлдем сақталмаған: инфекциялық бөлімде тазалықтың орнына антисанитария жайлап тұр. Ең сорақысы — бұл жағдайға облыс пен қала әкімдігі тарапынан ешқандай бақылаудың жоқтығы. Халықтың денсаулығы мен қауіпсіздігіне жауапты жергілікті билік пен денсаулық сақтау басқармасы мұндай масқараға көз жұмып отырғандай. Балалардың өмірін қауіпке тіккен жауапсыз шенеуніктер мен аурухана басшылығы тез арада жауапқа тартылып, тексеріс жүргізілуі тиіс.