07.07.2026, 15:00

Бұдан былай әйел өлтіргендер өмір бойына сотталуы мүмкін

Фото: Pixabay

Заң жобасы қоғамдық талқылауға ұсынылды.

Қырғызстан фемицидті қылмыстық жауапкершілікке тартуды ұсынып отыр, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы Kazinform-ға сілтеме жасап.

Заң жобасы қоғамдық талқылауға ұсынылды.

Заң жобасы Қырғызстан Республикасының Қылмыстық кодексіне төрт санатты қамтитын «Әйелді өлтіру (фемицид)» атты жаңа бап қосуды ұсынады:

• Жыныстық кемсітушілікке негізделген әйелді өлтіру; • Жүкті әйелді өлтіру; • Зорлау немесе басқа да зорлық-зомбылықпен жыныстық қатынасқа түсумен байланысты кісі өлтіру; • Әйелді өзіне-өзі қол жұмсауға итермелеу, нәтижесінде өлімге әкеп соқтыру.

Бұл аса ауыр қылмыстар үшін ұсынылған жаза — мүлкін міндетті түрде тәркілеумен өмір бойы бас бостандығынан айыру. Алайда, амнистия осы бап бойынша сотталғандарға қолданылмайды.

Бұған дейін елде қоғамдық орындарда қудалауды қылмыстық жауапкершілікке тартуды және қудалау үшін жазаны күшейту ұсынылған болатын.

Сондай-ақ, біз Қырғызстанда тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаушыларды электронды бақылау енгізілгенін хабарладық.

Айта кетейік, 2025 жылдың қазан айында Қырғызстан тұрмыстық зорлық-зомбылыққа байланысты құқық бұзушылықтар үшін жазаны қатаңдатуды көздейтін заңға қол қойды.