$ 472.03  540.29  6.11

Елімізде Астана есімді 26 адам бар: елорда туралы қызықты деректер

2025 жылғы мәліметке сәйкес, елордада 576 мың пәтер бар.

Фото: ЖИ
Фото: ЖИ

Ұлттық статистика бюросы Астана күніне орай елорда туралы қызықты статистикалық мәліметтерді ұсынды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

2026 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша елордада 274 285 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі тіркелген.

Құрылыс саласында 18,5 мың компания жұмыс істейді. Бұл көрсеткіш бойынша Астана Қазақстанда бірінші орында тұр.

2025 жылғы мәліметке сәйкес, елордада 576 мың пәтер бар.

Қоғамдық тамақтану саласында 6 819 нысан қызмет көрсетеді. Оның ішінде 2 241-і заңды тұлғалар мен олардың филиалдары болса, 4 578-і жеке кәсіпкерлік субъектілері. Бұл көрсеткіш бойынша Астана Алматыдан кейін екінші орында.

Елордада 31 театр, 5 музей, 35 кітапхана және 24 саябақ жұмыс істейді.

2026 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша тұрақты интернет абоненттерінің саны 443,4 мыңға жеткен.

Биылғы жылдың бірінші тоқсанында Астанадағы қонақүйлерде 67,9 мың шетелдік турист орналасты. Қалада 6 бес жұлдызды қонақүй жұмыс істейді.

Ұлттық статистика бюросы Астана күнінде елорданың әлеуметтік-экономикалық және мәдени даму көрсеткіштерін осылайша қорытындылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0