03.07.2026, 20:30

Солтүстік Қазақстанда ер адам 13 жастағы қызды зорлады деген күдікке ілінді

Фото: Depositphotos

Оқиға 1 шілдеде Айыртау ауданында болған.

Солтүстік Қазақстан облысында 13 жастағы қызды ауыл сыртына алып кеткен 40 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Оқиға 1 шілдеде Айыртау ауданында болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, кешкі сағат 18:00 шамасында 13 жастағы қыз дүкеннен шыққан. Сол кезде 40 жастағы ер адам оны мотоциклмен қыдыртып келемін деп алдап, ауыл сыртында алып кеткен. Кейін ол қызды тқтқында ұстап, жыныстық зорлық-зомбылық көрсеткен.

Оқушыны іздеу жұмыстары түні бойы жалғасқан. Тек таңғы сағат 05:00 шамасында қыз ауыл сыртынан табылды.

Қазір күдікті құқық қорғау органдары тарапынан ұсталды. Тергеу амалдары жүріп жатыр.

Жасалған қылмыстың ауырлығын ескерсек, ер адамға өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.