$ 474.47  541.37  6.08

Көкшетауда жолдың сиқы қашып, автобустар қатынаудан бас тартты

Коллаж: Sn.kz
Коллаж: Sn.kz

 

Көкшетауда жолдың тым нашарлығынан қоғамдық көліктер Зеренді саяжайларына баруды тоқтатты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Енді тұрғындар, оның ішінде кішкентай балалары бар аналар мен қарттар, ауыр сөмкелерін асынып, полиция бекетінен кейін ұзақ жолды жаяу жүруге мәжбүр. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі бұл жағдайды қаржының жоқтығымен ақтап, орташа жөндеу жұмыстары кейінге шегерілгенін айтады. Әкімдік жолдың бұзылуын жауын-шашынға жауып, күн ашылғанда тек тегістеу жұмыстарын жүргізуді уәде етіп отыр. Марат Ахметжанов бастаған Ақмола облысының әкімдігі мен қала басшысы Әнуар Күмпекеев халықтың бұл базалық мұқтаждығын шешуге қауқарсыз болып шықты. Жыл сайын бюджеттен миллиардтар бөлінгенімен, қарапайым халықтың балшық кешіп, жаяу сандалып жүргені аймақ билігінің жұмысына нақты баға болса керек.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0