Жүргізуші уақытша ұстау абақтысына қамалды.
Mitsubishi Carisma көлігінің жүргізушісі жолдың қарама-қарсы жолағына шығып, үш жаяу жүргіншіні қағып кеткен, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Полицияның мәліметінше, апат 29 маусым күні түстен кейін Назарбаев даңғылында болған.
Алдын ала мәлімет бойынша, жүргізуші жолдың қарама-қарсы жолағына шығып, үш жаяу жүргіншіні қағып кетті, содан кейін бағдаршам бағанасы мен автобус аялдамасына соғылып, көлік аударылып қалған.
— Апат салдарынан екі жаяу жүргінші қаза тауып, тағы біреуі ауруханаға жеткізілді. Mitsubishi Carisma көлігінің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жүргізуші уақытша ұстау абақтысына қамалды. Көлік арнайы тұраққа қойылды, — деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаменті.