29.06.2026, 12:00

Жағдайы ауыр: Павлодарда зират күзетшісін пышақтап кетті

Фото: islam.kz

Зардап шеккен азамат – 1963 жылы туған ер адам.

Павлодар қаласындағы зираттардың бірінде күзетшіге шабуыл жасалды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Алдын-ала мәлімет бойынша, кәмелетке толмағандардан құралған бір топ Павлодардағы зираттардың біріне заңсыз кіріп, күзетшіге шабуыл жасаған. Олар ер адамға оннан астам пышақ жарақатын салған. Зардап шеккен азамат – 1963 жылы туған ер адам.

«Аталған факті бойынша полиция қылмыстық істі тергеп жатыр. Іске қатысы бар барлық тұлғалар анықталды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде», – деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.