Астанада сот үкімімен тәркіленген блогерлер Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегеноваға тиесілі сегіз Hyundai Elantra автокөлігі сатылымға қойылды. Көліктердің әрқайсысы 8,4 миллион теңгеге бағаланғанымен, аукционға жеке тұлғалар қатыса алмайды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Астанада сот үкімімен тәркіленген блогерлер Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегеноваға тиесілі көліктер сатылымға қойылды. Тиісті хабарландырулар E-Qazyna мемлекеттік мүлік тізілімінің сайтында жарияланды.
Порталда 2025 жылы шығарылған сегіз бірдей Hyundai Elantra автокөлігін сату туралы хабарландыру орналастырылған. Көліктер сот шешімі бойынша тәркіленген мүлік қатарына кіреді.
Хабарландырудағы мәліметке сәйкес, барлық сегіз көлік сотталған Эльмира Төлегенова басқаратын Zhana Business ЖШС-нің атына тіркелген. Қазіргі уақытта олар Астанадағы Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің балансында тұр.