$ 487.17  565.65  6.72

Air Astana-дан кеткен Питер Фостер Турловтың командасына қосылды

Ол жүк тасымалымен айналысатын «Alatau Air Cargo» авиакомпаниясының директорлар кеңесінің жаңартылған құрамына енді.

Коллаж: sn.kz
Коллаж: sn.kz

«Air Astana» авиакомпаниясының бұрынғы басшысы Питер Фостер Қазақстанда жаңа лауазымға ие болды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Ол жүк тасымалымен айналысатын «Alatau Air Cargo» авиакомпаниясының директорлар кеңесінің жаңартылған құрамына енді. Ал директорлар кеңесінің жаңа төрағасы болып Тимур Турлов сайланды. 

Бұл шешімді компания акционерлері қабылдап, 2026 жылдың қаңтарында бекітілген директорлар кеңесінің алдыңғы құрамының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты.  Питер Фостер авиакомпанияның тәуелсіз директоры болып сайланды.

Еске сала кетейік, Питер Фостер 2024 жылдың басында «Air Astana» президенті лауазымынан кеткен болатын. Ол бұл қызметті 19 жыл бойы үздіксіз атқарып, Қазақстанның азаматтық авиациясын дамытудағы негізгі тұлғалардың біріне айналды. Енді оның халықаралық деңгейдегі көпжылдық тәжірибесі еліміздегі жүк авиатасымалы саласын өркендетуге бағытталмақ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0