Тіпті, «Штадлер» компаниясы тежегіш жүйесіндегі ақауларды ақпан айына дейін-ақ толық жойғанын ресми түрде мәлімдесе де, ұлттық тасымалдаушы маусымның ортасына дейін тек сынақ актілерін күтумен уақыт созып келеді.
Келісімшарт бойынша өткен жылдың желтоқсанында рельске түсуі тиіс болған «Штадлер» вагондары арада жарты жыл өтсе де, әлі күнге дейін қағазбастылық пен сынақ актілерінің деңгейінен аса алмай тұр.
«Қазақстан темір жолы» басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов бұл кешігуді «жолаушылар қауіпсіздігімен» байланыстырғанымен, екі жылдан бері созылып келе жатқан жобаның неліктен дер кезінде сапалы атқарылмағаны белгісіз.
Тіпті, «Штадлер» компаниясы тежегіш жүйесіндегі ақауларды ақпан айына дейін-ақ толық жойғанын ресми түрде мәлімдесе де, ұлттық тасымалдаушы маусымның ортасына дейін тек сынақ актілерін күтумен уақыт созып келеді.
Дайын тұрған вагондарды желіге қосудың орнына, келісімшарттық міндеттемелерді сылтауратқан «ҚТЖ» басшылығы нақты мәселені шешудің орнына, жауапкершілікті тағы да серіктес компанияға ысыра салды.