15.06.2026, 17:40

Алматыда Kizdar.net сайтының ұйымдастырушылары ұсталды

Фото: Pixabay

Істің барысы Алматы қаласы прокуратурасының ерекше бақылауында екені де нақтыланады.

Алматы қаласы прокуратурасының үйлестіруімен "Kizdar.net" интернет-ресурсын ұйымдастырушыларының қызметі тоқтатылды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап. 

Тергеу мәліметтері бойынша, 2011 жылдан бастап сайт жарнама орналастыру және ақылы интимдік қызмет көрсетуді ұйымдастыру үшін пайдаланылған.

"Болжамды интернет-ресурсты ұйымдастырушылар ұсталды, олардың әрекеттері ҚК-нің 309-бабы 2-бөлігімен сараланып, соттың санкцияларымен қамауға алынды. Тінту барысында ірі сомада ақша қаражаты, цифрлық активтер, компьютерлік техника және өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді. Алдын-ала 2 млрд теңгеден астам мөлшерде заңсыз табыс анықталды", делінген 2026 жылғы 15 маусымдағы қалалық прокуратура хабарламасында.

Істің барысы Алматы қаласы прокуратурасының ерекше бақылауында екені де нақтыланады.

 

Тегтер: сайт Алматы