11.06.2026, 22:30

Жамбыл облысында жол апатынан 1 адам қаза тауып, 2 адам зардап шекті

Фото: видео скриншот

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Жамбыл облысында адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Кадрларда жол жиегіндегі қоршауды бұзып өткен, кейін өртеніп кеткен автокөлік бейнеленген. Өртті жергілікті өрт сөндірушілер сөндірген.

Жамбыл облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апаты Шу ауданында болған. Апатқа Changan маркалы автокөлік ұшыраған.

Оқиға орнында бір адам қаза тауып, тағы екі адам ауруханаға жеткізілді. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

«Алдын ала мәлімет бойынша, жүргізуші көлік тізгініне ие бола алмай, салдарынан көлік аударылған. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық әрі объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу амалдары жүргізілуде», – деп хабарлады полиция.