11.06.2026, 13:00

Павлодарда жасөспірім мал суаратын қазаншұңқырға батып кетті

Фото: ЖИ

Оқиғаның мән-жайы анықталуда

Павлодар облысында 2009 жылы туған жасөспірім ауыл шаруашылығы жануарларын суаруға арналған қазаншұңқырға суға түсіп, суға батып кеткен, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

«Оқиға туралы хабар түскен бойда Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары жедел түрде оқиға орнына жіберілді. Іздестіру-құтқару жұмыстары барысында жедел-құтқару жасағының қызметкерлері марқұмның денесін тауып, судан алып шықты. Оқиғаның мән-жайы анықталуда», – деп хабарлады ведомство.

Төтенше жағдайлар департаменті арнайы жабдықталмаған және шомылуға тыйым салынған орындарда суға түсу адам өміріне үлкен қауіп төндіретінін ескертеді. Әсіресе балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөліп, оларды су айдындарының жанында қараусыз қалдырмау және суда қауіпсіздік ережелерін түсіндіру қажет.