Компания мұндай ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін мәлімдеді.
«Казфосфат» құрамындағы кәсіпорындар, соның ішінде «ЖЖФЗ» ЖШС фосфор зауыты «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС компаниялар тобына кірмейді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
«Қазақмыс» аталған кәсіпорындардың өндірістік қызметіне, басқару жүйесіне және кадрлық саясатына қатыспайды. Сондай-ақ компания бұл ұйымдарда болып жатқан оқиғалар мен қабылданатын шешімдерге ешқандай қатысы жоқ екенін мәлімдеді.
Осыған байланысты «ЖЖФЗ» ЖШС немесе «Казфосфат» қызметін «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-мен байланыстыратын кез келген ақпарат шындыққа сәйкес келмейтіні атап өтілді.