11.06.2026, 10:00

Павлодарда 17 жастағы жасөспірім оқыс оқиғаның құрбаны болды

Фото: Zakon.kz

Мамандар аталған су қоймасының шомылуға арналмағанын және мұндай орындарда суға түсу өмірге үлкен қауіп төндіретінін ескертті.

Павлодарда қайғылы оқиға тіркелді. 2009 жылы туған жасөспірім үй жануарларын суаруға арналған жасанды су қоймасына шомылу кезінде суға батып кеткен, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

- Хабарлама түскеннен кейін оқиға орнына Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары дереу жіберілді. Іздестіру-құтқару жұмыстары барысында жедел-құтқару жасағының құтқарушылары қаза тапқан жасөспірімнің мүрдесін тауып, судан шығарды, - деп хабарлады өңірлік Төтенше жағдайлар департаментінен.

Оқиға орнына жеткен құтқарушылар бозбаланың денесін судан алып шықты. Қазіргі уақытта қайғылы жағдайдың барлық мән-жайы анықталуда.

Мамандар аталған су қоймасының шомылуға арналмағанын және мұндай орындарда суға түсу өмірге үлкен қауіп төндіретінін ескертті.

Құтқарушылар ата-аналарды балалар мен жасөспірімдерді су айдындарының маңында қараусыз қалдырмауға шақырып, судағы қауіпсіздік ережелерін үнемі түсіндіріп отырудың маңызын атап өтті.