11.06.2026, 09:00

Вице-министр: «Халық табысының жартысынан көбі азық-түлікке кетеді» деген пікірмен келіспеймін

Фото: Pixabay

Осылайша, вице-министр халық шығынына қатысты «табыстың жартысынан көбі азық-түлікке жұмсалады» деген пікірді асыра айтылған деп бағалады.

Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин журналистің «халық жалақысының жартысынан көбі азық-түлікке жұмсалады» деген тұжырымына келіспейтінін мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл пікір қолда бар статистикалық деректермен толық сәйкес келе бермейді. Вице-министр әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының динамикасы мен инфляция көрсеткіштеріне тоқталды. Оның дерегінше, өткен жылдың қыркүйегінде инфляция 12,6 пайыз деңгейіне жетсе, қазіргі уақытта бұл көрсеткіш 10,6 пайызға дейін төмендеген. Азамат Әмрин бағаны тұрақтандыруға бағытталған шаралардың нәтижесі байқалып жатқанын атап өтіп, мамыр айының қорытындысы бойынша инфляцияның одан әрі төмендеуі күтілетінін айтты. Осылайша, вице-министр халық шығынына қатысты «табыстың жартысынан көбі азық-түлікке жұмсалады» деген пікірді асыра айтылған деп бағалады.