09.06.2026, 11:30

«Бос сөзді қою керек»: Үкімет Көкжайлаудағы жобаны тездетпек пе?

Фото: Үкімет

Шулы «Almaty Superski» жобасына қатысты барлық шешім түпкілікті қабылданып қойған.

Шулы «Almaty Superski» жобасына қатысты барлық шешім түпкілікті қабылданып қойған. Премьер-министр Олжас Бектенов Көкжайлаудағы тау курорты төңірегіндегі дауға нүкте қойғандай болды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

«Сын айтатындар бола береді, бізге нәтиже керек», - деген Бектенов жобаны созбай, жылдам іске асыруды бұйырды. Иә, экология басты назарда болады делінген, бірақ Үкіметтің бұл қадамы қоғам белсенділері тарапынан жаңа талқылау толқынын тудырары сөзсіз.