Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі мәлім етті.
Астана қаласының Алматы ауданындағы Айнакөл көшесінде орналасқан көпқабатты тұрғын үйдің пәтерлерінің бірінде балкон мен бөлмелердің бірінен өрт шықты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі мәлім етті.
Оқиға орнына жедел жеткен ТЖМ бөлімшелері 15 шаршы метр аумақты шарпыған өртті сөндірді. Жалынның өзге бөлмелерге таралуына жол берілген жоқ.
Фото: ТЖМ
Айта кетейік, бұған дейін Астананың Сарайшық ауданындағы Аманжолов көшесінде жеңіл автокөлік өртенген еді.