01.06.2026, 10:00

Үйлену тойының онын жүргізсем, солардың жетеуі ажырасып кетеді — тарихшы (ВИДЕО)

Сонымен қатар ол бала таба алмай жүрген ата—аналардың тым көбейіп кеткеніне алаңдаушылық білдірді. 

Ағартушы, тарихшы Жұмамұрат Шәмші ажырасудың жиілеп кеткенін айтып, дабыл көтерді. Ол ұрпақ тәрбиесіндегі олқылықтарды тізіп, ата—ана алдында баланың міндетіне арнайы тоқталды. Қазір қоғамда мүлдем ойға қонымсыз түсініктер қалыптасқан. Бұл қазақ қоғамы үшін аса қауіпті. Бұл туралы Жұмамұрат Шәмші Qasqa Jol YouTube арнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

«Ағартушылықпен айналысуымыз. Бала әке—шешенің алдында ештеңеге міндетті емес. Бала өмірге келуді қалап, сұрап алған жоқ. Сондықтан баланың мойнына жүк арту дұрыс емес деген ұғым бар. Бұл батыстық түсінік. Қазаққа жат», — деді тарихшы. 

Сонымен қатар ол бала таба алмай жүрген ата—аналардың тым көбейіп кеткеніне алаңдаушылық білдірді. 

«Қазір еліміздегі 25 жастан асып үйленіп жатқандар жиі ажырасады. Неге?  Олар памперс киім өскен балалар, бедеулік көп. Жігіттер бала таптыра алмайды. Ана памперс баланың ұрық безін кішкентай кезінен әлсіретіп, аталық ұрықтың күйшін жойып тастаған. Үйленген он той жүргізсем, кейін бірнеше жыл өтпей солардың жетеуі ажырасып кетіп жатыр. Неге? Жігіттер бала тудыра алмайды, сосын отбасы ажырасады. Памперс киіп өскен жігіттер әлсіз жауыпсыз, жұбайы, әйелінің алдында да жауапсыз, қиындыққа төзбейді, тек жеңілге, дайынға үйреніп өскен. Себібі, ата—ана ана баланы сүйрелеп, жетектеп өсірген, өз бетінше өмір сүруге құлықсыз. Ала ұрпақ сүйе алмаған соң әйелдер ЭКО-ға жүгіреді. Ол болса таза бизнес», — деді Жұмамұрат Шәмші.