$ 485.55  563.38  6.81

«Жылап тұрып, жағдайымызды сұрады»: Сұлтан Сәрсемәлиев ісінде марқұмның бауыры куәлік берді

"Мен оны (айыпталушыны айтады) алғаш рет жиенім Ақбаянды алып қашып кеткен кезде көрдім". 

Фото: Ақжайық
Фото: Ақжайық

Марқұм Нәсіп Өтешқалиеваның бауыры Тілекқабыл Өтешқалиевтің сөзінше, күдіктіні емес, оның ата-анасын жақсы таниды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

– Мен оны (айыпталушыны айтады) алғаш рет жиенім Ақбаянды алып қашып кеткен кезде көрдім. Кейін олар өздері біздің үйге келді. Сол кезде ғана көрдім. Екінші рет сотта көріп отырмын. Ешқандай жанжал болған жоқ. Мен оны танымаймын, сотқа дейін тек бір-ақ рет көрдім, оның ата-анасын ғана білемін, – деді куәгер.

Жауап алу барысында куәгер Мақсот Қарабалин, Нәсіп Өтешқалиева, Наурыз Мұқанғалиев және Мейрамгүл Қарабалинамен болған соңғы байланыстары туралы айтты. Ол қыркүйек айында Мақсот Қарабалинмен WhatsApp арқылы және телефонмен сөйлескен, десе де кейін байланыс үзілген. 

Сотта Нәсіп Өтешқалиеваның атынан 7 қараша күні жіберілген аудиохабарлама назарға алынды. Осыған дейін сотта марқұм әйелдің 4 қарашада көз жұмғаны айтылған еді. 

– Мен онымен соңғы рет аудиохабарлама арқылы сөйлестім. 1 қарашада ол хабарласып, хал-жағдайымызды сұрады. Кейін 7 қараша күні одан дауыстық хабарлама келді. Ол жылап тұрып, жағдайымызды сұрады. Осыдан кейін сөйлеспедік. Біздің ойымызша, телефондарды бір-біріне жақындатып, алдын ала жазылған аудионы жіберген болуы мүмкін, – деді ол.

Куәгер осыдан соң отбасы мүшелерімен байланыс толық үзілгенін айтады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0