$ 485.55  563.38  6.81

Самай тұсынан атқан: Жамбыл облысында арнайы жасақ инспекторы өзіне оқ атты

Кешке ол есін жимастан жансақтау бөлімінде көз жұмды.

Фото: СОБР
Фото: СОБР

Қордай аудандық полиция бөлімінде жедел әрекет ету арнайы жасағының казарма дәлізінде 1995 жылы туған арнайы жасақ инспекторы өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды  Sn.kz ақпарат порталы.

HALYQSTAN Telegram арнасының мәліметінше, лейтенант қызметтік қарудан, болжам бойынша SIG Sauer тапаншасынан, самай тұсына оқ атқан. Оқиға орнына келген дәрігерлер оны ауыр хәлде аудандық орталық ауруханаға шұғыл жеткізді.

Өкінішке қарай, кешке ол есін жимастан жансақтау бөлімінде көз жұмды.

Полицейдің мұндай қадамға не себепті барғаны әзірге белгісіз. Қылмыстық істің “Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу" бабы бойынша қозғалғанын анықталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0