$ 472.48  550.06  6.59

Шұғыл: Павлодар облысында жер сілкінді

Қазіргі уақытта жер сілкінісінің сезілу деңгейі туралы нақты ақпарат жарияланған жоқ.

Фото: Яндекс Карта
Фото: Яндекс Карта

Павлодар облысында жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының (EMSC) мәліметінше, жер сілкінісінің магнитудасы 4,5 болған. Жерасты дүмпуінің эпицентрі Екібастұз қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 15 шақырым жерде, ал Павлодардан оңтүстік-батысқа қарай шамамен 130 шақырым қашықтықта орналасқан.

Қазіргі уақытта жер сілкінісінің сезілу деңгейі туралы нақты ақпарат жарияланған жоқ.

Еске салайық, 24 мамыр күні Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 300 шақырым жерде де жер сілкінісі болған еді. Оның ошағы Қырғызстан аумағында орналасқан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 0