Ережелердің сақталуын полиция қызметкерлері бақылайтын болады.
Биыл мектеп бітіруші түлектерге арналған салтанатты шаралар тек қана оқу орындарының өз базасында ұйымдастырылуы тиіс. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Ведомство басшысының сөзінше, мейрамхана, кафе немесе банкет залдарында кеш өткізуге және бұл мақсатта заңсыз ақша жинауға қатаң тыйым салынады. Ережелердің сақталуын полиция қызметкерлері бақылайтын болады.
Биылғы бітірушілердің статистикасы:
Жалпы оқушы саны: 3,9 млн
9-сыныпты аяқтаушылар: 343 мың оқушы (оның 31 181-і «Үздік аттестаттан» үміткер)
11-сыныпты аяқтаушылар: 215 мың түлек (оның 18 555-і «Үздік аттестатқа», ал 13 175-і «Алтын белгіге» үміткер)