Алдын ала мәлімет бойынша, алдымен үйдің жанындағы қосымша құрылыс отқа оранып, кейін жазғы ас үй мен шатырға тараған.
Алматы облысында полиция қызметкері өртеніп жатқан үйден 90 жастағы әйелді аман алып шықты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Оқиға түнгі сағат шамамен 03:00-де болған. Алматы облысы полиция департаментінің қызметкері Жасұлан Нұрасылов Полиция қызметкері көрші үй аумағынан шыққан өртті байқап қалған. Алдын ала мәлімет бойынша, алдымен үйдің жанындағы қосымша құрылыс отқа оранып, кейін жазғы ас үй мен шатырға тараған.
Полиция қызметкері уақыт жоғалтпай бұзып кіріп, түтін басқан аумаққа енеді. Ол жазғы ас үйден ұйықтап жатқан 90 жастағы әжейді тауып, қауіпсіз жерге алып шыққан. Сонымен қатар үй тұрғындарын оятып, эвакуациялауға көмектескен.
Жасулан Нұрасылов бірден өрт сөндіру қызметін шақырып, құтқарушылар келгенше оттың таралуын тоқтатуға тырысқан. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер жалынды толық сөндірді.
Тәртіп сақшысының жедел әрекетінің арқасында қайғылы жағдайдың алдын алу мүмкін болды. Кейін белгілі болғандай, құтқарылған отбасы оның көршілері екен. Тұрғындар полицейге батылдығы мен жедел көмегі үшін алғыс білдірді.