$ 470.17  547.47  6.42

Президенттің қызықты әрі сирек кездесетін ерекше суреттері (ФОТО)

Қасым-Жомарт Тоқаев 1953 жылы 17 мамыр күні Алматы қаласында дүниеге келген.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Бүгін Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күні. Дегенмен президенттің туған күні атап өтілмейді. Бұған дейін де мемлекет басшысының баспасөз хатшысы хабарлағандай президенттің әулетінде балалардың да, үлкендердің де туған күнін тойлау дәстүрі қалыптаспаған және әкімшілік қызметкерлеріне де құттықтау рұқсат етілмейді деген ерекше деректер бар. Осы орайда Sn.kz ақпарат порталы мемлекет басшысы сирек кездесетін фотоларын жинақтады.

Қасым-Жомарт Тоқаев 1953 жылы 17 мамыр күні Алматы қаласында дүниеге келген.

Қазақстан президентінің ерекше қос есімі бар. Ол "Әке туралы толғаныс" атты кітабында жазғандай, ағасының құрметіне Қасым деген есім берілсе, шешесі Жомарт деп ат қойған - Sputnik Қазақстан

Президенттің әкесі – танымал жазушы, қазақ әдебиетіндегі детектив жанрының негізін қалаушы Кемел Тоқаев (1923-1986). Детектив жанрына арналған 10-нан астам кітабы қазақ және орыс тілдерінде басылып шықты. Кемел Тоқаев Екінші дүниежүзілік соғысының ардагері, екі мәрте «Ерлігі үшін» медалін алған. Ал анасы Тұрар Шабарбаева (1931-2000) Алматының шет тілдері институтында қызмет еткен. 

Қасым-Жомарт Алматы қаласындағы №25 мектеп-гимназияда француз тілін тереңдете оқытатын мектепте білім алған. Сыныпта ол ең озат оқушылардың бірі саналған. Әкесі оны кітап оқуға, анасы шет тілдеріне баулиды.

(Үшінші қатар, сол жақтан бесінші тұрған – Қасым-Жомарт Тоқаев)

1970 жылы Қасым-Жомарт Тоқаев аттестат алып, Мәскеуге барып, Одақтың жетекші жоғары оқу орындарының бірі – ММХҚИ-ға оқуға түседі. Бұрынғы курстастарының айтуынша, қабілетті және мақсатшыл жас жігіт тек «өте жақсы» деген бағамен оқыған.

Тоқаев және спорт

Сондай-ақ, фильм барысында Қасым-Жомарт Тоқаевтың спортпен шұғылданып жатқан сәттері бар сирек кездесетін суреттер көрініс тапқан.

«Әкемнің тағдыры бала кезінен бастап оңай болған жоқ. Ол ерте жетім қалды. Әуелі балалар үйінде, содан кейін интернатта тәрбиеленді. Содан кейін соғыс басталды. Майдан ол үшін батылдық пен табандылықтың тағы бір сынағы болды. Ол соғыстан көп сабақ алып, қорқыныш пен қайғы-қасіретті жеңе алды», - деп еске алады Қасым-Жомарт Тоқаев.

Тоқаев салауатты өмір салтын қолдайды. 13 жыл бойы Қазақстанның үстел теннисі федерациясын басқарды. Суретте: Қазақстанның болашақ президенті теннис ойыны кезінде, архивтегі сурет. - Sputnik Қазақстан

Мемлекет басшысы кезінде Қазақстанның үстел теннисі федерациясын 13 жыл басқарған болатын. Фотода Қазақстанның болашақ Президентінің дипломаттар арасындағы турнирге қатысып жатқан сәті. 

Фото: Жәнібек Әлімханұлы

Қасым-Жомарт Тоқаевқа сыйлықты кәсіпқой боксшы, WBO және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы сыйлаған сәт.

Залог успеха

Тоқаев пен Ердоған үстел теннисін ойнады

2023 жылы 10 мамырда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияда ресми сапармен барған болатын. Сейсенбі күні кеңейтілген құрамда келіссөз өткізді, 15 құжатқа қол қойды. Келіссөздерден кейін президенттер үстел теннисін ойнады.

Салауатты өмір салты

Сонымен қатар, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тазы иттерімен түскен суреті желіде тараған болатын.

A view of the sea

Президенттің 3 тазысы бар, оның бірі – Наурыз. Бұл тазыны былтыр Мемлекет басшысына ит асыраушы Анна Захарова сыйға тартқан болатын. Қазір Наурыз 1 жас 4 айға толды, - деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. 

Қалған екеуі – 4 жасар, ақшыл-сары түсті Ронни деген арлан тазы мен 5 жасар ақшыл түсті Нэнси.

Ақорда Наурыз мерекесінде Тоқаевқа сыйға берілген тазының суреті мен видеосын жариялады

Иттер қоршалған аумақта, жылы үйшікте күтіп-бапталады. Арнайы сертификаты бар кинолог маман оларды үйретіп, саятшылыққа баулиды. Қасым-Жомарт Тоқаев бос уақытында тазыларымен серуендегенді ұнатады, - делінген баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

cover

Сондай-ақ, instagram-да Қасым-Жомарт Тоқаевтың серуенге шыққан суретері жарияланған болатын. Үстінде жылы қызыл күрте бар. Айта кетейік, суреттерде Президент әдетте киетін көзілдіріксіз тұр.

Тоқаевтың жаяу серуендеуді ұнатады. Сонымен қатар ол футбол ойындарын үлкен қызығушылықпен тамашалайды. Суретте: Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Еуро-2020 іріктеу кезеңі аясындағы Қазақстан – Ресей арасындағы ойында. - Sputnik Қазақстан

Тоқаев жаяу серуендеуді ұнатады. Сонымен қатар ол футбол ойындарын үлкен қызығушылықпен тамашалайды. Суретте: Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Еуро-2020 іріктеу кезеңі аясындағы Қазақстан – Ресей арасындағы ойында.

Мемлекет басшысы туған күнін әдеттегі жұмыс режимінде өткізеді, жалпы ол өте сирек демалады. Ақорданың баспасөз қызметі бұған дейін хабарлағандай, Қазақстанда президенттің мерейтойына орай іс-шаралар болмайды. Дегенмен Қазақстан көшбасшысы қысқа еңбек демалысын алса да, оны туған жерінде, өз елінде өткізуді жөн көретіні белгілі. Суретте: Қасым-Жомарт Тоқаев Бұқтырма су қоймасында, архивтегі сурет. - Sputnik Қазақстан

Мемлекет басшысы туған күнін әдеттегі жұмыс режимінде өткізеді, жалпы ол өте сирек демалады. Ақорданың баспасөз қызметі бұған дейін хабарлағандай, Қазақстанда президенттің мерейтойына орай іс-шаралар болмайды. Дегенмен Қазақстан көшбасшысы қысқа еңбек демалысын алса да, оны туған жерінде, өз елінде өткізуді жөн көретіні белгілі. Суретте: Қасым-Жомарт Тоқаев Бұқтырма су қоймасында, архивтегі сурет.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеудегі Қызыл алаңда Ұлы Жеңістің 81 жылдығына орай өткен әскери шеруге барған сәтінен. 

Мемлекет басшысы Түркістанда өткен Наурыз мерекесіне қатысып, "асық" ойынын ойнады. 

Түркістандағы жұмыс сапарында "Қожа-Ахмет Яссауи" кесенесіне барып, Құран бағыштады. 

Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трамптың шақыртуымен Бейбітшілік кеңесіне қатысты. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мамыр мерекесінде әр жылдары сыйға тартылған тұлпарлардың күтімін көріп қайту үшін Президент Іс басқармасының атқорасына арнайы барды.

Президент бір жыл бұрын Ақалтеке тұқымынан туған қылаң боз тайды Ақжан деп атаған еді.  

Исламабадта өткен салтанатты іс-шарада Пәкістан Президенті Асиф Али Зардари мен Премьер-министрі Шахбаз Шариф Мемлекет басшысын Nishan-e-Pakistan орденімен марапаттады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Будапешттегі жұмыс сапарында пен Виктор Орбан Венгрия мен Германия құрамалары арасындағы футбол матчын тамашалады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0