$ 463.91  544.63  6.26

«Продюсер көкем зорлады»: «Балапан» телеарнасы дауға қатысты пікір білдірді

Ол арна ұжымынан кешірім сұраған.

Коллаж: SN.kz
Коллаж: SN.kz

«Balapan» телеарнасы әлеуметтік желіде тараған Нұрғали Нұғманның даулы мәлімдемесіне байланысты ресми пікір білдірді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Арна таратқан мәліметке сәйкес, Нұрғали Нұғман кейінірек жариялаған бейнеүндеуінде айтылған жағдайдың «Balapan» телеарнасына емес, коммерциялық жобаға қатысты болғанын нақтылаған. Сондай-ақ ол арна ұжымынан кешірім сұраған.

«2010 жылғы 27 қыркүйекте құрылған “Balapan” телеарнасының штатында ер адам “продюсер” қызметінде жұмыс істемеген. Кейін желі қолданушысы өз мәлімдемесінде сөз болған оқиғаның телеарнада емес, коммерциялық жоба аясында болғанын айтып, жаңа видео жариялады және арна қызметкерлерінен кешірім сұрады», – делінген ресми хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін Нұрғали Нұғман бірнеше жыл бұрын «Balapan» телеарнасында жұмыс істеген кезінде продюсер тарапынан зорлық көргенін мәлімдеген еді.

Бұл мәлімдеме әлеуметтік желіде кеңінен талқыланған болатын.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0