Аталған жоба қалада үшінші рет өткізілуде.
Оралда «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында «Чемпиондық рух» жобасы өтті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Спорттық шара «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» жастар қанатының Батыс Қазақстан облыстық филиалының бастамасымен ұйымдастырылды. Аталған жоба қалада үшінші рет өткізілуде.
Жобаға 2000-нан астам жас пен жасөспірім қатысты. Бастаманың басты мақсаты – өскелең ұрпақ арасында салауатты өмір салтын дәріптеу, бұқаралық спортты дамыту және есірткіге қарсы саналы көзқарас қалыптастыру.