Алдын ала мәлімет бойынша, жанжалға қатысқан қыздардың тек біреуі ғана жауапкершілікке тартылған.
Әлеуметтік желіде Ақтөбедегі №36 мектепте түсірілген делінген видео қызу талқыланып жатыр. Кадрларда бір топ кәмелетке толмаған қыздың өз қатарласын жабылып ұрып жатқанын көруге болады.
Оқиға 2026 жылдың 23 қаңтарында болғаны айтылуда. Алдын ала мәлімет бойынша, жанжалға қатысқан қыздардың тек біреуі ғана жауапкершілікке тартылған. Қалғандарына қандай шара қолданылғаны әзірге белгісіз.
Желі қолданушылары бұл іске қатысы барлардың бәрін жауапқа тартуды талап етіп жатыр. Көпшілік мектептегі тәрбие мен бақылау мәселесін де көтеруде. Соңғы уақытта жасөспірімдер арасындағы әлімжеттік қоғамда жиі талқыланатын мәселеге айналды. Құзырлы органдардан ресми ақпарат әзірге жарияланған жоқ.