Оған дер кезінде көмек көрсету мүмкін болмаған.
Маңғыстау облысында 10 мамыр күні табиғат аясындағы корпоративтік демалыс кезінде 56 жастағы ер адам көз жұмды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы Mangystautv.kz сайтына сілтеме жасап.
Ақтаудағы мектептердің бірінің ұжымы Жармыш ауылы маңындағы Аралбай сарқырамасына серуенге шыққан.
Дастарқан басында ер адам кәуаптың сүйегіне қақалып, оқиға орнында көз жұмған. Оған дер кезінде көмек көрсету мүмкін болмаған.
Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі ер адамның қаза тапқанын растады.