Елімізде сарбаздарға ұялы телефон қолдануға рұқсат етілді. Бұрын тек сенбі, жексенбі күндері ғана ұстауға болатын. Бұл қадам әскердегі қауіпсіздікті арттыру үшін жасалып отыр, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
«Жақын арада Қорғаныс министрінің бұйрықтарына өзгерістер енгізіліп, сарбаздарға смартфондарын қолдануға рұқсат берілді. Қазіргі таңда өздерінің ата-аналарымен, туған-туыстарымен қатынастары күнделікті болып тұрады деп ойлаймыз. Өйткені бұған дейін 2022 жылдан бері «баспанамен бейнеқоңырау» атты бағдарлама болған, онда тек сенбі, жексенбі күндері ғана шыға алатын. Осындай іс-шаралар жүргізіліп жатыр армияның қауіпсіздігін, ашықтығын арттыру үшін», - деді спикер.
Сондай-ақ, сарбаздардың ас мәзіріне өзгерістер енгізілуде. «Швед үстелі» үлгісі қолданыла бастады. Онда әр сарбаз өзі таңдап алатындай 3-4түрлі «бірінші» және «екінші» ас дайындалады. Пилоттық жоба сәтті іске асса, бүкіл Қарулы күштерге енгізіледі. Әскери қызметшілердің ас мәзіріне ұлттық тағамдар да қосылды.