11.05.2026, 22:30

Оралда 27 жастағы ер адам көз жұмды

Фото: Zakon.kz

Қазір аталған жайттың мән-жайы анықталып жатыр.

Орал қаласында 14 қабатты тұрғын үйде қайғылы жағдай тіркелді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 11 мамыр күні түскі уақытта "Құрылысшы" шағынауданында болған. Алдын ала дерек бойынша, 27 жастағы ер адам 13-қабаттан құлаған.

Оқиға орнына полиция қызметкерлері жедел жеткен. Алайда алған ауыр жарақатынан азамат сол жерде көз жұмған.

Қазір аталған жайттың мән-жайы анықталып жатыр.