06.05.2026, 23:30

Президент стенд атудан жеңімпаз Әсем Орынбайды құттықтады

Фото: SSF

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әлемдік рекордты жаңартып, жеңіс тұғырына көтерілген спортшы асқан шеберлік танытқанын атап өтті. 

 

Мемлекет басшысы стенд атудан Алматыдағы Әлем кубогі кезеңінде жеңіске жеткен Әсем Орынбайды құттықтады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.  Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әлемдік рекордты жаңартып, жеңіс тұғырына көтерілген спортшы асқан шеберлік танытқанын атап өтті.  Мемлекет басшысының айтуынша, Әсем Орынбайдың Әлем кубогі кезеңіндегі, сондай-ақ Азия чемпионаты мен Азия ойындарындағы табысты өнері елімізде нысана көздеу спортының даму деңгейі жоғары екенін көрсетеді.

Естеріңізге сала кетейік, Әсем Орынбай стенд атудан рекорд орнатты.

Алматы облысындағы жарыста Қазақстан алғашқы алтынды жеңіп алды. Финалда Әсем Орынбай Қытай спортшысын жеңіп, чемпион атанды. Турнирге 43 елден 300-ге жуық спортшы қатысуда, жарыс 10 мамырға дейін жалғасады.