06.05.2026, 18:00

Риддерде жоғалған оқушының денесі табылды

Фото: Pixabay

Бүгін жасөспірімнің денесі табылғаны мәлім болды.  

5 мамыр кешінде әлеуметтік желілерде Таловка ауданында тұратын оқушының үйінен шығып кетіп, қайта оралмағаны туралы ақпарат тарады, деп жазады Sn.kz ақпарат порталы. Бүгін жасөспірімнің денесі табылғаны мәлім болды. Аталған оқиғаға байланысты полиция қылмыстық іс қозғап, тергеу амалдарын бастап кетті. Әзірге ресми органдар тарапынан қосымша ақпарат жарияланған жоқ.