05.05.2026, 19:00

SN.kz Telegram арнасына хакерлік шабуыл жасалды

Фото: sn.kz

Қазіргі уақытта арнаны қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Құрметті оқырман! SN.kz ақпараттық порталының ресми Telegram арнасына хакерлік шабуыл жасалғанын хабарлаймыз.

Қазіргі уақытта арнаны қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Біздің команда ресми парақшаны қайта қолжетімді ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдауда.

Осы уақыт аралығында сіздерді біздің басқа да әлеуметтік желілеріміз арқылы жаңалықтармен танысып, бізбен байланыста болуға шақырамыз.

Қолдауларыңыз үшін алғыс айтамыз!