05.05.2026, 09:10

Ғимараттың бір бөлігі опырылған: Өскеменде зауытта жарылыс болды (ВИДЕО)

Фото: видеодан алынған кадр

Ведомство дерегіне сәйкес, шаң сүзу цехындағы құрылғыда газ бен ауа қоспасы жарылып, соның салдарынан өрт шығып, ғимараттың бір бөлігі опырылған.

Өскемен қаласында орналасқан кәсіпорын аумағында апат болды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Ведомство дерегіне сәйкес, шаң сүзу цехындағы құрылғыда газ бен ауа қоспасы жарылып, соның салдарынан өрт шығып, ғимараттың бір бөлігі опырылған. Әлеуметтік желіде жарылыстың видеосы таралып жатыр.

— Оқиға орнына Төтенше жағдайлар қызметі келіп, жұмыс істеп жатыр. Оперативтік штаб құрылды. Қазір мамандар зардап шеккендердің бар-жоғын тексеріп жатыр, — делінген хабарламада.

Бұдан бұрын Өскемен әуежайы жоғары баға үшін жауапкершілікке тартылғанын жаздық.