$ 462.91  542.16  6.16

Хромтауда пышақ жарақатынан қаза тапқан ер адамның мәйіті табылды

Тергеу барысы құқық қорғау органдарының бақылауында.

Фото: pixabay
Фото: pixabay

Ақтөбе облысының Хромтау қаласында қайғылы оқиға орын алды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Пышақ жарақатын алған ер адамның мәйіті табылды. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, 3 мамыр күні Бейбітшілік даңғылында болған жағдай туралы полицияға хабар түскен. Оқиға орнына жедел жеткен құқық қорғау органдары ауыр дене жарақаттары бар ер адамның көз жұмғанын анықтаған.

Жедел-іздестіру шаралары барысында осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 22 жастағы азамат қолға түсті. Қазіргі уақытта ол полиция бөліміне жеткізіліп, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тәртіп сақшылары күдіктінің кінәсін мойындағанын мәлімдеді.

Аталған дерек бойынша «Адам өлтіру» бабы негізінде қылмыстық іс қозғалды. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, өлімнің нақты себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Тергеу барысы құқық қорғау органдарының бақылауында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0