Туыстары қылмысқа көмектескен немесе әрекетсіз қалғандардың бәрі жазалануы тиіс деп санайды.
Шымкентте қайтыс болған 21 жастағы Нұрай Серікбайдың отбасы негізгі күдіктіден бөлек, оқиғаға қатысы болуы мүмкін барлық адамдарды жауапқа тартуды талап етті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. Марқұмның ағасы Сұлтан Серікбайдың айтуынша, күдіктімен бірге болған адамдар Нұрайды ұстап, телефонын тартып алып, кетуіне мүмкіндік бермеген. Туыстары қылмысқа көмектескен немесе әрекетсіз қалғандардың бәрі жазалануы тиіс деп санайды. Сондай-ақ отбасы күдіктіге ең жоғары жаза беруді және соттың ашық, онлайн форматта өтуін талап етуде. Тергеу аяқталуға жақын, күдікті есі дұрыс деп танылған.