02.05.2026, 20:30

Астана маңында жол апатынан 2 адам қаза тапты

Фото: Depositphotos

Жол апаты 1 мамырында болған.

"Астана-Атбасар-Жақсы" автожолында жол апатынан екі адам көз жұмды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы Ақмола облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Жол апаты 1 мамырында болған.

"Lada Granta" және "DAF XF 480 FT" маркалы автокөліктері жол апатына түсті. Салдарынан жеңіл автокөліктің жүргізушісі мен жолаушысы көз жұмды", - деп жазылған полиция хабарламасында.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.