Алайда желі қолданушылары бұл уәжбен келіспей отыр.
Әлеуметтік желіде жүк көлігінің артына есекті байлап, сүйреп бара жатқан видео тарады. Кадрдан жануардың жол үстінде дәрменсіз жатқанын анық көруге болады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Бұл көрініс көпшіліктің ашуын туғызып, пікірталасқа себеп болды. Жүргізуші өз әрекетін техникалық ақаумен байланыстырғанын айтқан.
Алайда желі қолданушылары бұл уәжбен келіспей отыр.
Оқиға Өзбекстанның Жиззах облысы, Зарафобод ауданында болғаны белгілі болды. Құзырлы органдар жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттама толтырған.
Көлік айып тұрағына қойылып, жағдай ресми тексеріліп жатыр. Жануарларға жасалған мұндай қатыгездік қоғамда жиі сынға ұшырайды. Мамандар мұндай әрекеттерге қатаң жаза қажет екенін айтады.
Дереккөз: aktau_information