$ 462.91  542.16  6.16

Ақмола облысында екі адам қайғылы жағдайда көз жұмды

Тергеу жұмыстарының қорытындысы бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданады.

Фото: ҚР ІІМ
Фото: ҚР ІІМ

Ақмола облысында «Астана – Атбасар – Жақсы» тас жолының бойында қайғылы жол апаты болды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы Azattyq Rýhy сайтына сілтеп. 

Ресми мәліметтерге сәйкес, 1 мамыр күні тас жол үстінде Lada Granta жеңіл автокөлігі мен DAF XF 480 FT маркалы жүк көлігі соқтығысқан. Соққының қатты болғаны соншалық, жеңіл көліктің тізгінінде болған жүргізуші мен оның жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында тіл тартпай кетті.

Ақмола облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, аталған дерек бойынша қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тәртіп сақшылары апаттың қалай болғанын және оған не себеп болғанын анықтау үстінде. 

Тергеу жұмыстарының қорытындысы бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0