28.04.2026, 14:50

Болашақ бағдарламасы өзгере ме: шәкіртақы азайып, төлем өсуі мүмкін

Фото: depositphotos.com

Соның негізінде жаңа модель ұсынылуы мүмкін. Алдын ала нұсқалардың бірі – грант санын қысқарту.

Қазақстанда «Болашақ» бағдарламасы қайта қаралып жатыр. Халықаралық бағдарламалар орталығының мәліметінше, қазір әлемдегі барлық шәкіртақы жүйесіне талдау жүргізілуде.

Соның негізінде жаңа модель ұсынылуы мүмкін. Алдын ала нұсқалардың бірі – грант санын қысқарту. Үнемделген қаржыны студенттердің ай сайынғы төлеміне бағыттау жоспарда бар. Шәкіртақы көлемі бұрынғыдай ел мен қалаға қарай есептеледі.

Мысалы, Нью-Йоркте оқитындар айына 2200 доллардан бастап алады. Ал басқа штаттарда бұл сома төмен болуы мүмкін. Яғни, болашақта аз студент – бірақ жоғары төлем қағидасы енгізілуі ықтимал.

Қорытынды шешім әзірге қабылданған жоқ, талқылау жалғасып жатыр