28.04.2026, 12:20

«Күйеуің басқа әйелге қараса сен кінәлісің»: Танымал коучтың пікірі көптің ашуына тиді (ВИДЕО)

Фото: видео скриншот

Хиджабтағы коуч көзіне шөп салатын еркектерге әйелдердің өзін кінәлады. Коучтың парақшасы қазіргі таңда жабық, оған кіру мүмкін емес, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

 

”Еркектің нәпсісіне әйел салынған” дейді. Сен оған “неге басқа әйелге қарадың” деп айтпау керексің. Оны қаратқанға сен кінәлсің. Ол нәпсісіне салынған ғой. “Басқа әйелге неге қарадың” дейтін сен кімсің? Қара, сен кінәлісің, ұстай алмай отырсың. Бұл сенің кінәң”, — деді коуч.

Коуч Малика Ақтайдың аккаунтына қарасақ, әйел Мәскеуде білім алған және әйелдерге тұрақты түрде психологиялық дәрістер өткізіп келеді. Жиындарда қаржы, жеке даму, қарым-қатынас секілді түрлі тақырыптар талқыланады. Осындай дәрістердің бірінде Малика “ер адамдардың бір уақытта бірнеше істі қатар атқара алмайтынын” айтқан.

Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы коучтың айтқанына жауап беріп, оның діни басқармаға қатысы жоқ екенін айтты.

”Соңғы күндері әлеуметтік желілерде тараған видеодағы әйел адамның айтқан пікірлеріне байланысты Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы басқармасы төмендегіні мәлімдейді.

Аталған видеодағы тұлғаның Қазақстан мұсылмандар діни басқармасына ешқандай қатысы жоқ. Сонымен қатар, видеода айтылған пікірлер мен тұжырымдар ҚМДБ-ның ресми ұстанымын білдірмейді”, — деп жазды Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы.