17.04.2026, 16:00

«Интиммен айналысқан»: Оралда екі ер адам дәретханада ұсталып, соққыға жығылды (ВИДЕО)

Коллаж: Sn.kz

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде тарап, көпшілік талқысына түсті.

Орал қаласындағы дәмханалардың бірінде жағымсыз жағдай орын алды: ерлерге арналған дәретханада бір кабинаға екі ер адам бірге кіріп, есікті ішінен жауып алған. Кейін есікті күштеп ашқан үшінші адам оларды соққыға жыққан. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде тарап, көпшілік талқысына түсті. Желі қолданушылары кабинада бірге болған екі жігіттің әрекетін сынға алуда. Алайда полиция олардың өзін емес, күш қолданған ер адамға қатысты іс қозғаған.

Полицияның мәліметінше, оқиға биыл 17 ақпанда болған. Тексеру барысында дәмханалардың бірінде ер адамның жас жігітті ұрып-соққаны анықталған. Қазіргі таңда күдіктінің жеке басы белгілі болып, ол полиция бөлімшесіне жеткізілген. Сонымен қатар, дәретхана ішінде болған екі жігіттің әрекетіне де құқықтық баға берілмек.

Айта кетейік, бұған дейін Жаркентте көлік ішінде жалаңаш отырған екі ер адамның видеосы да желіде тараған болатын.