Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.
20-23 сәуір күндері Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсүх Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында екі елдің саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығын нығайту перспективасы талқыланады.
22-24 сәуірде Астанада Өңірлік экологиялық саммит өтеді.
Еске сала кетейік, бүгін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияға жұмыс сапарымен барады.